Президент жала жабуды қылмыс деп танымау туралы ұсынысты естіді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Айман Омарова


Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Об этом сообщает http://yakzrobyty.com со ссылкой на портал Грамотей


Президенттің белгілі заңгер, адвокат Айман Омаровамен кездесуінде азаматтардың құқығын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Айман Омарова Қылмыстық кодекстің 130-бабының (“Жала жабу”) қылмыстық мазмұнын өзгертуді және 174-бабына (“Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру”) түзету енгізуді ұсынды.


Қасым-Жомарт Тоқаев заңгер бастамасының маңызды екенін және кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын енгізгенде шетел тәжірибесін қолдану қажет екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Данияр Әшімбаев

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен әңгімелесу барысында сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты белсенді тарта отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыт Мұқибекпен кездесті

Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде көші-қон және оған қатысты заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының “оралман” сөзінен бас тартып, оны “қандастар” деп ауыстыру бастамасын қолдайтынын айтты.


Источник: “https://baribar.kz/113470/prezident-zhala-zhabudy-qylmys-dep-tanymau-turaly-usynysty-estidi/”