Төреғожинаға БҰҰ төрелік айтты

«Обще­ствен­ная пози­ция»


(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.



Бәре­кел­ді!!!



Төреғо­жи­наға


БҰҰ


төрелік айт­ты



Кеше Алма­ты­дағы Ұлт­тық бас­пасөз клу­бын­да «Ар.Рух.Хақ» қоғам­дық ұйы­мы­ның жетек­шісі Бақыт­жан Төреғо­жи­на 2010 жылы Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы (БҰҰ) Адам құқы­қта­ры коми­теті­нен өзі жол­даған шағы­мы бой­ын­ша жау­ап алға­нын БАҚ өкіл­деріне хабар­дар етті. Бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­на халы­қа­ра­лық құқық жөнін­де­гі сарап­шы, Қаза­қстан­дағы Freedom House жоба­сы­ның жетек­шісі Вик­то­рия Тюле­не­ва, адво­кат Жанар Балға­ба­е­ва қаты­сты.



Еске сала кет­сек, бұдан төрт жыл бұрын – Бақыт­жан Төреғо­жи­на мен тағы бір­не­ше адам 2010 жылы науры­здың 11-і күні Алма­ты­дағы Махат­ма Ган­дидің ескерт­кі­ші жанын­да флеш-моб өткізіп, көше­де­гі жұрт­тан «Қаза­қстан­ды­қтар­дың руха­ни жетек­шісі кім?» деп сұраған бола­тын. Сол үшін Бақыт­жан Төреғо­жи­наға айып­пұл салы­нған еді.


Бей­біт шара аяқталған бет­те Бақыт­жан Төреғо­жи­на­ны поли­ция ұстап әкетіп, оған қар­сы «Бей­біт жина­лы­стар, митин­гілер, шеру­лер, пикет­тер және демон­стра­ци­я­лар ұйым­да­сты­ру мен өткі­зу тәр­тібі тура­лы» заң­ды бұз­ды деген айып­пен әкім­шілік іс қозға­лып, Алма­ты қала­сы­ның әкім­шілік соты оған көле­мі 500 дол­лар айып­пұл салған бола­тын. Төреғо­жи­на­ның сот шеші­міне қар­сы түсір­ген ары­зын қаза­қстан­дық сот қанағат­тан­дыр­маған­ды­қтан, БҰҰ-ның Адам құқы­қта­ры коми­тетіне шағым­да­нуға мәж­бүр болған еді.


Қара­ша­ның 21-і күні шыққан БҰҰ Адам құқы­қта­ры коми­тетінің шеші­мі қаза­қстан­дық билік­ті Төреғо­жи­на­ның мораль­дық шығы­нын өте­у­ге мін­дет­те­ген. Сон­дай-ақ Қаза­қстан билі­гі Аза­мат­тық және сая­си құқы­қтар жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық пак­тінің 9-бабы­ның («Жеке өмір­ге қол сұқ­пау»), 19-бабы­ның («Пікірін біл­ді­ру еркін­ді­гі»), 21-бабы­ның («Бей­біт жиын өткі­зу еркін­ді­гі») ере­же­лерін бұзға­ны айты­лған. Коми­тет «мем­ле­кет Бақыт­жан Төреғо­жи­на­ның бұзы­лған құқы­қта­рын қал­пы­на кел­тіруі, оның ішін­де сот шығын­да­рын өтеп беруі тиіс» деген шешім шыға­рып­ты.


– Біз бұл шешім­нің ағы­л­шын тілін­де жазы­лған нұсқа­сын алдық, ресми аудар­ма­сын сотқа тап­сы­рып, 2010 жылы өзі­ме тағы­лған әкім­шілік жаза­ның күшін жою­ды талап ете­міз. Содан кей­ін өзі­ме кел­тіріл­ген мораль­дық және мате­ри­ал­дық шығын­дар­ды өтеу жөнін­де тағы да шағым түсіре­мін. Әрине, мұны­мен тоқта­май­мыз. «Бей­біт жиын­дар өткі­зу тура­лы заң қабыл­дау» жөнін­де билік­ке ұсы­ныс айтып келе жатқа­ны­мы­зға біраз уақыт болған, соны әрі қарай жалға­сты­ра­мыз. Қаза­қстан­ның «Бей­біт жина­лы­стар, митин­гілер, шеру­лер, пикет­тер және демон­стра­ци­я­лар ұйым­да­сты­ру мен өткі­зу тәр­тібі тура­лы» заңы – 1995 жылы қабыл­данған, ескір­ген заң. Оны өзгер­тетін кез кел­ді. Сон­ды­қтан БҰҰ-ның маған қаты­сты шеші­міне өзі­міз жасаған «Бей­біт жиын­дар» тура­лы жаңа заң жоба­сын қосып, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­на, Әділет мини­стр­лі­гіне, Бас про­ку­ра­ту­раға жібе­ре­міз. Алдағы 2015 жылы қаңтар айын­да Қаза­қстанға БҰҰ-ның бей­біт жиын­дар тура­лы арнайы баян­да­ма­шы­сы келіп, Қаза­қстан­дағы бей­біт жиын­дар тура­лы заң­на­ма­лар­мен таны­сып, есеп­тер мен ұсы­ны­стар жасай­ды, – дей­ді Бахыт­жан Төреғо­жи­на.


Бей­біт шеру­лер мен жиын­дар өткізу­ге бай­ла­ны­сты адам құқы­ғы­ның қорға­луы жөнін­де­гі мәсе­ле бой­ын­ша ғалам­дық мәсе­лер­ді шешетін бедел­ді ұйым­нан алғаш рет кел­ген кесім­ді жау­ап – ел аза­мат­та­ры үлгі алар­лық іс бол­ды.


Десек те, бей­біт жиын­дарға қаты­су мәсе­лесі біздің билік үшін тәр­тіп бұзу әре­кеті деп сана­ла­ды. Сон­ды­қтан БҰҰ-ның қағи­дат­та­рын заң­на­ма­лық құжат­тарға енгізу­ге асы­ға қой­мас, өйт­кені Бақыт­жанға «елік­те­ген­дер­ді» жау­а­пқа қалай тарт­пақ? Әділет­сіздік­тің әуресіне шыр­малған жұрт лап етіп, көше­ге шық­са, БҰҰ-ның шеші­мі демеу бол­ма­сы анық, бірақ өрке­ни­ет­ке ұмты­лған аза­мат­тар­дың еркін бұға­у­лап ұстай­мын деу, дәр­мен­сіз билік­ке ғана тән құбы­лыс. Бұл күн­дер де өтер деген үміт пен сенім алда­май­ты­ны уақыт­тың еншісін­де­гі шаруа.


Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,


«D»